Қабылдау бөлмесі: 87165124061
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы, Қажымұқан Мұнайтпасов көшесі, 45-Құрылыс
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сеййдахметова Г.Г. педагогикалық ұжымға бағдарлама мазмұнын кеңінен түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде «Адал азамат» бағдарламасының негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді, адамгершілік құндылықтарды, жауапкершілік пен еңбексүйгіштік қасиеттерді қ...
Отбасы күніне орай мектебімізде “Отбасы – өнер ордасы” атты мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Концерт барысында әр сыныптың оқушылары мен олардың ата-аналары ән айтып,...
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес мектебіміздің психологтарының ұйымдастыруымен «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналар мен оқушыларға уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын үйрету, өзін-өзі басқару қабілет...
Республика күніне орай мектебімізде мектепішілік Президент сайлауы ұйымдастырылып өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында азаматтық жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру және мектеп өміріне белсенді қатысуға ынталандыру болды. Сайлау үдерісі бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен үміткерлер тіркеліп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Әр кандидат м...
«Бастау» дебат клубының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Елімнің келешегі – білімді ұрпақ» тақырыбында мектепішілік дебат өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, пікірін дәлелдермен қорғауға үйрету, сонымен қатар жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру болды. Дебат бары...
Республика күніне орай «Жүрегімнің үні – Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды: Патриоттық әнді орындау: Әр қатысушы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін дәріптейтін патриоттық әнді орындады. Бұл кезеңде вокалдық шеберлік, сахна мәдениеті, әнге эмоционалды көзқарас және көрерменге әсер ету бағаланды. Қатысуш...
Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша айлық жоспар аясында “Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілігі” тақырыбында құқық қорғау қызметкерлерімен бірлескен жиын өтті. Іс-шара оқушыларға бағытталған болып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды.
Мектебіміздің ұстазы Бекишева А.Қ. “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қолға алынған “Қамқор” жобасын іске асыру барысында өз сыныбымен бірге ауылдағы қарттарымызға қол ұшын созды. Іс-шара аясында оқушылар қарттарға қажетті тұрмыстық көмектер көрсетті, сыйлықтар табыс етті және жылы лебіздерін білдірді.
Мектепте жас жол инспекторларының (ЮИД) қатысуымен оқушыларға жол қауіпсіздігі тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелерін білуін арттыру, олардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және жол апаттарының алдын алу болды.
Мектебіміздің еріктілер клубы ауылдағы қариямыз Ускенбаева Қапизаға қол ұшын созуда. Іс-шара барысында оқушылар қарияға қажетті тұрмыстық көмек көрсетіп, сыйлықтар табыс етті және жылы лебіздерін білдірді. Бұл жоба оқушыларда мейірімділік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Мектебімізде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында «Интернеттегі қауіпсіздік» атты алдын алу шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, саналы цифрлық мәдениет пен медиа сауаттылығын арттыру болды. Іс-шара соңында оқушыларға практикалық кеңестер беріліп, интернетте қауіпсіз әрекет ету бойы...
Хабарландыру! Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі төмендегі уақытша бос лауазымдарға конкурс жариялайды. 1. Шетел тілі (ағылшын тілі), (уақытша бос) 1 жүктеме. Құжаттар hr.nobd.edu.kz базасында 19.11.2025 дейін қабылданады. Байланыс нөмері: 87083865391, Аружан Жеңісқызы
"Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында "Сөз құдіреті – адам құндылығы" тақырыбындағы мектепішілік дебат өтті. Оған "Бастау" дебат клубының кіші топ қатысушылары қатысып, үлкен қызығушылық туғызып, оқушылар арасында терең ой мен пікірталасқа жол ашты. Дебаттың мақсаты – жастарға сөздің к...
"Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында мектебімізде "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы өтті. Ол оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды. Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа XXI ғасыр көшбасшысының сипаттарын таныстыру, жастардың білімін, л...
Елімізде жастар арасында өзара сыйластықты, мейірімділікті және достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен "ДосболLike: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН!" атты республикалық акция өз бастауын алды. Бұл акцияның басты мақсаты – жастарды ізгілікке, бір-біріне қолдау көрсетуге, қайырымдылық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу. Бұл бастама оқушыларды ынтымақтастық арқылы жағымды қарым-қатынас орн...
2025 жылдың 21 қазан күні Талапкер ауылының мектеп гимназиясында мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген үстел ойындарына қатысып, "Асық ату" үйірмесі жүлделі II орынға ие болды. Бұл сайыс барысында үйірме мүшелері өздерінің шеберліктерін көрсетіп, асық ату өнері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оқушылардың арасындағы тартысты бәсекеде жеңіске жету оңай болмады, бі...
2025 жылдың 13 қараша күні мектебімізде "Кәмелетке толмағандардың құқыбұзушылықтар үшін жауапкершілігі" тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу сағаты өтті. Оған Целиноград аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға Сейтанов З.Б. мен полиция майоры Даниярбекова А.М. қатысты. Оқушыларға зорлық-зомбылықтың ал...
2025 жылдың 17 қараша күні «Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары өтті. Оған құқық қорғау органдарының қызметкерлері Целиноград аудандық полиция бөлімінің аға УПИ полиция майоры Кикимов А.Р. және полиция майоры Даниярбекова А.М. қатысты. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұз...
Мектебімізде әр дүйсенбі сайын апта басталған сайын саптық жиын өтеді. Жиында оқушылар Мемлекеттік Гимнді орындап, аптаның маңызды сәттерін атап өтеді. Сонымен қатар, олимпиадаға, ғылыми жобаларға, спорттық және шығармашылық жарыстарға қатысқан оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері жалпы мектеп қауымдастығы алдында таныстырылады. Жиын барысында сыныптар кезекшілікті тапсырады, бұл тәртіп пен...
"Жұмысшы мамандықтар" жылына орай Жаңаесіл ауылындағы "Индустриалды технология және сервис" колледжінде «AMANAT» партиясы мен Целиноград аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал еңбек – адал табыс» атты кәсіби-бағдарлық жастар форумы өтті. Форумның басты мақсаты – оқушыларға сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын насихаттау, кәсіби...
"Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Балалар кітапханасы" жобасы аясында Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» повесіне арналған «Oi tanym» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ы.Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің белсенді оқушылары мен мектебіміздің "Оқырмандар" клубының оқырмандары қ...
Целиноград аудандық прокуратурасының прокуроры Мейрамбек Нұрланұлы және Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Р. Шамренова қатысуымен оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Негізгі тақырыптар: Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу: қоғамдық орында тәртіп сақтау, жаман сөздерден аулақ болу. Мектеп тәртіб...
Оқушыларға «Тұмау және оны алдын алу жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізілді. Негізгі мәселелер: Тұмау дегеніміз не: көбінесе күз-қыс мезгілінде таралатын вирусқа байланысты ауру. Тұмаудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік, мұрын бітелуі, бас ауыру. Тұмаудың алдын алу: Қолды жиі жуу және жеке гигиенаны сақтау....
21-23 қараша күндері аралығында Жапония елінің астанасы Токио төрінде өтіп жатқан әлемнің 40 елі қатысып, бақ сынаған дүбірлі дода – Киокушин-кан каратэден Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 “ә” сынып оқушысы Аманжол Әлихан ерекше жетістікке жетіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл – тек мектеп пен ауыл мақтанышы ғана емес, сонымен қа...
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ негізінде "Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында мектебімізде мұғалімдерге арналған "Сөз мерген" зияткерлік сайысы өтті. «Сөз мерген» сайысы мұғалімдер арасында интеллектуалды қызығушылықты оятуға, білімді тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға және мектептегі шығармашылық ахуалды нығайтуға бағытталған жемісті іс-шара бол...
Мектебімізде оқушылардың денсаулығын сақтау және инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында «Тұмау және оның алдын алу жолдары» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағаттарының негізгі тақырыптары: Тұмау дегеніміз не: тұмаудың вирус арқылы таралатыны, оның белгілері мен қауіптілігі. Тұмаудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік,...
“Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бұл сабақтардың мақсаты — оқушыларға табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру, оларды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалануға үйрету болды. Сабақ барысында су мен тағамның қаншалықты маңызды екені, оларды үнемдеудің қоршаған ортаға және экономикаға тигізетін пайдасы туралы айтылды.  ...
Бүгін мектеп директоры мен «Өзін‑өзі басқару» ұйымының мүшелері арасында жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқу‑тәрбие процесін жетілдіру, мектептегі ішкі өмірді ұйымдастыру, келесі семестр мен оқу жылы үшін жоспарлар мен шараларды талқылау мәселелері қаралды. Сондай‑ақ, қоғамдық іс‑шаралар, тәрбие жұмысы, оқушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, алдағы у...
«Абыройлы еңбекпен – құрметті зейнетке» атты зейнеткерлікке шығарып салу кеші өтті. Бұл салтанатты шара мектебіміздің көп жылдар бойы білім мен тәрбиеге, рухани дамуға өзіндік үлесін қосып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен білім шуағын сепкен ардақты қызметкерлеріміз — кітапханашы Беделбекова Бибігүл Нүсіпәлиқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахымбекова Шынар Ерғара...
2025 жылдың 28 қараша күні “Жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында қыздарға арналған ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді. Шараның басты мақсаты — жасөспірім қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсінік беру. Жиналысқа мектебіміздің медбикесі Бу...
Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Ә» сынып оқушысы Аманжол Әлихан Асқарұлы — киокушинкай-кан каратэден Астана қаласының екі дүркін чемпионы, спорт шеберіне үміткер, қала командасының жасөспірімдер құрамасының белсенді спортшысы. Ол республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанып келеді. Ағымдағы жылдың сәуі...
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығулар енгізілді. 2025 жылдың 9 қыркүйегінен бастап әр сейсенбі күні, сабақ басталар алдында 3 минуттық дене шынықтыру жаттығуы тұрақты түрде өткізілетін болады. Жаттығулар төмендегі бейнематериалдар арқылы ор...
Мектебімізде «Заң және тәртіп» жобасы аясында 10–11-сынып оқушылары арасында «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны басталды. Ойынды AML Academy және Қаржы мониторингі агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген. Жасөспірімдер жиі құмар ойындарына, фишингке, телефон алаяқтарына, қаржы пирамидаларына және дропперлікке тап бола бастады. Сондықтан қар...
Мектебімізде Дүниежүзілік еріктілер күніне орай оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қайырымдылық пен өзара көмектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында сынып сағаттары өтті. Іс-шара барысында еріктіліктің мәні, оның қоғам үшін пайдасы талқыланып, оқушыларға түрлі еріктілік бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, мектеп волонтерлік клубының жұмысы таныстырылып, оқушыларды қоғамғ...
Ауылымыздың «Қошақан» балабақшасының тәрбиеленушілері мектебімізге келіп, болашақ мектептерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Балабақша оқушылары мектептің сынып бөлмелерін аралап, оқу құралдарымен, кітапханамен және спорт залымен танысты. Мектептегі жылы атмосфера, мұғалімдердің жылы жүзді қарауы балаларға ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары балаларға шағын экскур...
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларда қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты құрметтеуге және экологиялық мәдениетті дамытуға баулу. Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығы...
«Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді Ағымдағы оқу жылына сәйкес "Адал Азамат" біртұтас тәрбие жоспары негізінде «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында 10А сыныбында ашық сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — даңқты қолбасшының өмір жолын...