«Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді
Ағымдағы оқу жылына сәйкес "Адал Азамат" біртұтас тәрбие жоспары негізінде «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында 10А сыныбында ашық сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — даңқты қолбасшының өмір жолын жарқын үлгі ретінде насихаттау, оның ел қорғаудағы ерлік қызметін оқушыларға таныстырып, жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының шығармашылығы мен әскери қызмет жолына қатысты деректермен танысып, батырдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігіне талдау жасады. Сонымен қатар «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» атты шығармаларынан үзінділер оқылып, оның әдеби мұрасының тәрбиелік мәні атап өтілді.
Іс-шарада арнайы дайындалған бейнематериал көрсетіліп, оқушылар топтық жұмыс форматында батырдың ерлік қасиеттері мен адамгершілік ұстанымдарын талқылады. Сабақ соңында Бауыржан Момышұлының ел тарихындағы орны мен бүгінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі өсиеттерінің маңызы қорытындыланды.
Ашық сынып сағаты жоспарға сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шараны ұйымдастырушысы 10А сыныбының сынып жетекшісі Әбен Аян Сақтасынқызы.